Білім гранттарын бөлуде шикілік шығып жатыр

/uploads/thumbnail/20170708192346893_small.jpeg

ҚР Мемлекеттік білім гранттарының тізімі жарияланған екі күннің ішінде Қазақстанның әр тарабында білім гранттарының бөлінуіне қатысты түрлі дау-даймайлар да күшейе бастады. Орта мектепті үздік тәмамдаған тағы бір астаналық түлек мемлекеттік білім гранттары иегерлері қатарынан өзін таба алмаған. Бұл туралы «Қамшы» порталы КТК-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Мен Еуразиялық ұлттық университетке тапсырған болатынмын. Мұнда 89 балл жинағандар түсіп жатыр. Ал мен 100 баллмен түсе алмай отырмын. Тіпті аттестатымда да кіл бестіктер. Мен таңқалып отырмын»,-дейді абитуриент Арай Нұржанова.

КТК арнасының мәліметінше, Арай Оңтүстік Корейдегі халықаралық білім олимпиадасының жүлдегері болған.

Осыған дейін қазақстандық БАҚ-та тағы бір астаналық оқу үздігі Жұлдыз Оспанның жоғары баллмен білім гранты иегерлерінің қатарына ілікпей қалғандығы туралы жазған болатын. Ал Жұлдыз  болса, мектепті 11 жыл үздік оқып, математикадан халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері болған. Алайда мұның бәрі білім грантының иегері атануға жеткіліксіз болған.

Бұған ашуланған ата-аналар қалай да өз балаларының білім гранттарын алып беретіндіктерін айтуда. Ата-аналар мемлекеттік комиссия шешімімен толық келіспейтіндіктерін және ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мырзаның тілкелей қабылдауын талап етіп отыр. Олар білім министрінің мемлекеттік білім гранттарын қалай бөлгендігі  жөнінде жауап беруін қалайды.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар