Ресейдегі рубль бағасының доллар мен евроға шаққандағы құны күрд құлдырауының себебінен, қазақстандықтар қайтадан Ресейдің арзан тауарларына ағылуда. Бұл туралы «Қамшы» порталы БҚО-дағы «Мой город» басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кеше әуесқой бақылаушылар Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» кеденінде 100-ден астам қазақстандықтың Ресейге өтпек болып тұрғандығын видеоға түсіріп алған.
Қазақстандықтар Ресейдің Самара қаласына арзан тауарларға ағылауда дейді жергілікті тұрғындар. Ал Ресей кеден қызметкерлері мұнша көлікті өткізуге шамалары жетпей жатқанға ұқсайды. Әсіресе қазақстандықтардың Ресей көліктеріне сұранысы артып отырғаны да белгілі болды. Ал 11 тамыз күні ресейлік рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 2,91 теңгеге дейін төмендеген.
Естеріңізге сала кетейік, Ресейде рубльдің құлыдырауы 2014 жылдың күзінен басталған.
Нұрзат Тоғжан
«Қамшы» сілтейді