Коронавирусқа байланысты тағы бір шенеунік оқшаулануға кетті

/image/2020/06/18/crop--1_9_1052x2202_58882845aa6adb5ba72ccdb9681e3574.jpg

Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев оқшаулануға кетті. Бұл ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты хабарлады.

"Қаржы министрі бүгін өзін-өзі оқшаулауға кетті. Бұған дейін коронавирусқа жасатқан тесті теріс нәтиже көрсеткен. Бірақ кейін коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталып, министр біршама уақыт оқшаулануға шешім қабылдады" делінген қаржы министрлігінің Tengrinews.kz сайтына берген мәліметінде. 

Жамаубаевтың қызметін уақытша атқаруға оның орынбасары Татьяна Савельева кіріскен. 

Бұған дейін шенеуніктер арасынан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус жұқтырған еді. 

Ал мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, премьер-министр Асқар Мамин, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов,  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқшауланып жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар