Қазақстанда коронавирусқа қатысты жаңа шектеулер енгізіледі

/image/2020/06/18/crop-8_6_436x774_photo_324530.jpeg

Қазақстанда демалыс күндері – 20-21 маусымда шектеу шаралары күшейтіледі.

Қазақстанның бірқатар өңірінде эпидемиологиялық жағдайдың өршуін және коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткішінің артуын ескере отырып, биылғы 20-21 маусым, демалыс күндеріне, мынадай қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:
- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;
- қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
- қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
- қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
- фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

2. Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша:
- қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

3. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар