Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус табылды. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.
"Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына байланысты жасатқан соңғы тесті оң нәтиже көрсетті. Уайымдауға себеп жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев жұмысты қашықтан істей береді" делінген Үкібайдың Twitter-дегі жазбасында.
В настоящее время Первый Президент Казахстана находится на самоизоляции. К сожалению, последний тест Елбасы на коронавирусную инфекцию показал положительный результат. Повода для беспокойства нет. Нурсултан Назарбаев продолжает работать дистанционно. https://t.co/G6zH75j3E1 pic.twitter.com/KMkYwOob4h
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) June 18, 2020
Бұған дейін шенеуніктер арасынан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус жұқтырған еді.
Ал мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, премьер-министр Асқар Мамин, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқшауланып жатыр.
Пікір қалдыру