2011 жылы ғана қолданысқа берілген Алматы қаласы Алатау ауданы Томирис ықшамаудандағы "Халық" саябағының бүгінде тозығы жетіп тұр. "Қамшы" ұжымы арнайы барып, саябақтың қазіргі жағдайымен танысып қайтты.
Саябақтың сыртқы көрінісі әдемі болғанымен ішіне шөп қаулап өсіп кеткен, қоқыстан аяқ алып жүргісіз. Әр жердегі сынған шөлмек, шашылған қағаз бен пластикалық бөтелке көзге қораштай көрінеді. Тұрғындар ықшамауданда демалатын жалғыз орынның қазіргі жай-күйіне қапалы.
Пікір қалдыру