Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дергеніше, кеше елде барлығы 1062 адамнан коронавирус табылған. Ведомство 446 адамды ауру белгілері бар деген санатқа жатқызса, қалған 616 науқаста симптом жоқ деп хабарлады.
Бұдан бөлек, соңғы тәулікте елде коронавирустан 260 адам жазылып, 5 адам қайтыс болды.
Соңғы ресми ақпарат бойынша, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 26 070 адам. Олардың ішінде ауру белгілері бары – 17 225, сомптомы жоғы – 8845.
Наурыз айынан бері вирус жұқтырғандардың 10 671-і жазылған, 118 адам көз жұмды.
Пікір қалдыру