Қазақстанда ҰБТ басталды

/image/2020/06/21/crop-103_22_491x873_1557980556_news_b.jpeg

Бүгін, 21 маусым Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Водомсво дергеніше, биыл ҰБТ 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Республика бойынша бүгін тесті тек 6512 оқушы тапсырады.  ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерде. 

Білім және ғылым министрлігі бекіткен тіртіпке сай, бір аудиторияда орта есеппен 18 адам ғана болады. Осылайша, аудитория тек 35% дейін толтырылады. ҰБТ тапсырушыдан ПТР-тестен өткені туралы анықтама талап етілмейді. Алайда талапкерлер аудиторияға маска тағып келуге тиіс.

Бұған қоса,  биыл ҰБТ өткізетін әр пунктте кезекші аудитория бар. Ол аудитория коронавирус инфекциясын жұқтырған оқушыларға арналған. 

Биыл Қазақстанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген талапкер саны – 131 755. Оның ішінде биыл мектеп бітірген түлектер саны – 111 109. 



 
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар