Полиция департаменті аталған дерек бойынша іздеу жұмыстарын бастаған, деп хабарлады lada.kz.
Оқиға куәгерлері түсірген видеода айқай, мылтықтың гүрсіліне ұқсас дауыстар естіледі. Сондай-ақ екі жас жігіттің көлікке асығыс отырып, шұғыл жүріп кеткенін көруге болады.
Видео авторлары атыс болғанын, жердегі қарайған зат қан екенін айтады.
Облыстық полиция департаменті видеодағы адамдар мен көлікті іздеу бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Аталған дерек бойынша 102 номеріне шақыру түспеген. Жаңаөзендегі қалалық ауруханаға да дене жарақатымен жүгінгендер болмаған.
Пікір қалдыру