Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда өткен тәулікте 507 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.
Өсім 2,9 пайызды құраған.
226 адам індеттен емделіп шықса, 2 науқас қайтыс болған. Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 17732-ге жетті. Оның 10897-сі емделіп шықса, 120 науқас қайтыс болған.
Сондай-ақ жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 964 тасымалдаушы тіркелді.
Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда – 9809.
Пікір қалдыру