Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Барлық сақтық шараларын сақтағаныма қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын" деп жазды Мұхамбетов.
Бұған дейін Қазақстанда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министр Асқар Мамин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және тағы басқа бірнеше шенеунік вирус жұқтырған.
Пікір қалдыру