25 маусым сағат 21.20-да Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде тағы төрт адамның коронавирустан көз жұмғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысында – 1971 жылы туған ер азамат, Алматы қаласында – 1958 және 1977 жылы туған әйел адамдар және 1979 жылы туған ер адам қайтыс болған.
⠀
Марқұмдардың коронавирустан көз жұмғанын өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия анықтаған.
⠀
Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусынан көз жұмғандар саны 140 адамға жетіп отыр.
Наурыз айынан бері елде 31 962 адамнан коронавирус анықталған. Денсаулық сақтау министрлігі олардың 19 285-ін "симптомы бар" деген санатқа жатқызса, қалған 12 677-ін "симптомы жоқ" деп отыр. Бүгінгі күнге дейін 12 222 адам вирустан жазылып шыққан.
Пікір қалдыру