Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдің Денсаулық сақтау министрі болып Алексей Цой тағайындалды. Бұл туралы 25 маусым кешке қарай Ақорда сайты хабарлады.
Алексей Цой үш күн бұрын үкімет қаулысымен Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.
43 жастағы Цой – Түркістан облысының тумасы. Ол бұған дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарған.
2019 жылғы ақпаннан осы уақытқа дейін Қазақстан президенті Іс басқармасының Медициналық орталығын басқарды.
2017 жылдан бері Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов бүгін президент Тоқаевтың жарлығымен қызметінен босатылған еді.
Пікір қалдыру