Әлем бойынша СОVID-19 жұқтырғаны расталған адамдардың саны 10 миллион 146 мыңнан, ал вирустан көз жұмғандардың саны жарты миллионнан асты. Коронавирус ең көп таралған ел АҚШ-та аурулар саны 2 миллион 549 мыңға жеткен. Бұл туралы Қамшы тілшісі Джонс Хопкинс университетінің статистикасына сілтеме жасап хабарайды.
Джонс Хопкинс зерттеу орталығының мәліметі бойынша, әлемде коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны 501 мың 940. АҚШ-та коронавирустан қаза тапқандар саны 125 мың 803 адамға жетіп, COVID-19 өлім-жітім мөлшері дүниежүзі бойнша бірінші орында тұр.
Бразилияда екінші орында. Ол жақта 57 622 өлім тіркелген. Ұлыбритания, Италия және Испания вирустан қаза тапқандарың саны әлем бойынша алдыңғы бестікті түйіндеп тұр. Дүниежүзі бойынша тіркелген өлімнің жартысынан көбі осы бес елге тиесілі. Кейбір сарапшылар бұл статистика әр елдің тестілеу мен хабарлау әдістеріне байланысты екенін айтады.
Ал Қазақстанда 21 мың 327 адамның коронавирус жұқтырғаны расталып, 183 адам COVID-19 себебінен көз жұмған.
Алайда көптеген сарапшылардың пікірінше, бұл сандар шынайы жағдайдан әлдеқайда аз.
Пікір қалдыру