Алматы облысында блокбекеттер қайта қойыла ма?

/image/2020/06/29/crop-107_16_826x1101_1584870871_a8960cf3-a11b-4ebe-a63c-cdc0a1f91aa9.jpg

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел облыста блокбекеттер қайтадан қойылады деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол  Facebook парақшасында жазды.

– Мессенджерлерде Алматы облысында блокбекеттер қайта қойылады деген ақпарат тарап жатыр. Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы бұл сұрақты қарастырмағанын және бұл ақпарат жалған екенін мәлімдейді, – деді Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетейік, бүгінге дейін өңірде жалпы 701 адам коронавирус жұқтырып, оның 574-і індеттен жазылып шықты. 1 науқас қайтыс болған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар