Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 25.06.2020 жылғы қаулысының негізінде 2020 жылғы 27 маусымнан бастап Халыққа қызмет көрсету бойынша Өскемен қалалық бөлімдері карантиндік шараларын сақтау мақсатында жұмыс уақытын шектеу енгізілді.
Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады.
Айта кету керек, мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамы электрондық форматта қол жетімді. Мемлекеттік қызметтерді egov.kz электрондық порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуға кеңес береміз.
Сондықтан көрсетілген кестеге сәйкес ХҚО-ға баруды броньдаңыз.
ХҚО-ның жұмыс кестесі: Дүйсенбі-сенбі аралығы 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы
Пікір қалдыру