Өскемендік студент әмбебап роботты ойлап тапты

/image/2020/06/29/crop-6_4_526x936_04cb6e62-8d01-4507-9692-6aec8a37fad8.jpg
Өскемендегі жоғары политехникалық колледждің студенті Вадим Шагалов газ түтіктерін тексеретін әмбебап роботты ойлап тапты. Болашақта жас өнертапқыштың бұл өнертабысы облыс орталығындағы зауыттарда іс-тәжірибе жүзінде қолданылады деп жоспарлануда.
 
а
 
Бүгін  аталмыш жобаның презентациясы өтті. Вадим Шагаловтың айтуынша, осы роботтың көмегімен газ түтіктеріндегі кедергілерді анықтауға болады. Роботты телефон немесе ноутбуктің көмегімен басқаруға мүмкіндік бар.
 
- Шыны керек, жобаға алдағы уақытта бірқатар толықтыру енгізу қажет. Роботтың электронды бөлігін Arduino, Raspberry Pi және SLAMTEC сияқты аппараттық-бағдарламалық құралдардың көмегімен жабдықтадым. Жалпы, бұл робот арқылы қолжетімсіз орындардағы олқылықтарды анықтап, оны фото-видеоға түсіруге болады, - деді Вадим Шагалов.
 
Презентация соңында колледж директоры Вадим Шагаловқа жылы лебізін білдіріп, алғыс хатты табыс етті.
 
ШҚО ақпарат орталығы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар