Бұл туралы «Қамшы» порталы Ақтау қалалық құрылыс бөліміне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Өткен жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 80% артық өсті. Тұрғын үйлер салушылардың өз қаражатына енгізілді.
- 2015 жылы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Мәселен, жыл соңында 32А шағын ауданында ыңғайлылықтың IV дәрежесіне жататын үш 120 пәтерлі тұрғын үйдің біреуі жергілікті атқарушы органның кезекте тұрған қызметкерлеріне қолданысқа беріледі, - деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 33 «Аққу» шағын ауданында сметалық құны 8,1 млрд. теңгеге тұрғындардың барлық категорияларына көпқабатты үйлер мен қалалық маңызы бар объектілер құрылысы басталды. Жоба бойынша жалпы тұрғын көлемі 54,6 мың шаршы метр немесе 747 пәтер. Нысанды 2016 жылы тапсыру көзделуде. Бұдан басқа 32А шағын ауданда сомасы 661,3 млн. теңге болатын III дәрежелі 120 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталуда, қолданысқа беру мерзімі 2015 жылдың қыркүйек айы. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екінші бағыты бойынша жас отбасыларға арналған 60 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы аяқталуда (ыңғайлылықтың IV дәрежесі). Құрылыстың сметалық құны 608,4 млн. теңге.
- 32А шағын аудандағы тұрғын үйлерді уақытында тапсыру үшін жедел түрде магистральді сыртқы желілер – жылумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтандыру, телефон байланысын жүргізу және инженерлік желілер – су тарту, кәріз жүйесін жүргізу, газбен жабдықтандыру, телефон байланысын тарту, автокөлік жолдарын төсеу, жол аймақтары мен тротуарларды салу жүріп жатыр. Құрылыстың жалпы құны 1,3 млрд. теңге, ҚР Ұлттық қорынан 1 млрд. теңге трансферт бөлінді, - деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінде.
«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2014 жылы қолданысқа 32А шағын ауданда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бағыты бойынша 40 және 60 пәтерлі тұрғын үйлер, үш 100 пәтерлі тұрғын үй берілді. Нысандардың жалпы сметалық құны 2,2 млрд. теңгені құрады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.