Әлем халықтары жазушылары одағының АҚШ-тағы бас өкілі тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708192423431_small.jpg

Ақын Мишель Чен БРАУН (Michelle Chan BROWN) жуырда Әлем халықтары жазушылары одағына мүше болып қабылданған. Американдық қаламгер Фулбрайт бағдарламасының (программа) стипендиаты. Ол жазушы ретінде әдебиет саласында біршама марапаттарға ие болған. Мәселен, 2012 жылы қаламгердің «Екі жақты тыңшы» (Doble Agent - Двойной агент) атты жыр жинағы танымал Америка оқытушысы әрі жазушысы Бхану Капил тарапынан жоғары бағаланып,  Kore First Book Award – сыйлығын жеңіп алған. Ал, «Отан. Қасқырлармен» (Родина. С волками) атты жинағымен 2014 жылы Жан Фельдман атындағы поэзиялық сыйлыққа қол жеткізді.

Мишель Лондон қаласында дүниеге келген. Оның балалық және жастық шағы Прага, Белград, Краков, Киев және Мәскеу қалаларында өткен. Бүгінгі таңда ол Алматы қаласында тұрып еңбек етуде.

Ақынның өлеңдері мен шығармашылығына арналған пікір, эсселер ағылшын тілінде жарық көретін көптеген әдеби журналдарда жарияланып келеді.

Мишель Чен БРАУН Мичиган және Вирджина штатындағы университеттерде әдебиет пен шығармашылық хат (творческое письмо) пәні бойынша дәріс беріп, Жас қаламгерлер конференциясында баяндама жасаған. Сонымен қатар, Помфрет мектебінде жазушы ретінде қызмет етіп, «Сынған көпір» (Сломанный мост) атты Жазғы шығармашылық шеберханасының директоры қызметін атқарған.

Мишель Чен БРАУН бүінгі арнайы кездесу соңында (12.08.2015) Әлем халықтары жазушылары одағының Америка құрама штаттарындағы бас өкілі болып тағайындалды. Сонымен «ӘХЖО» қоғамдық бірлестігі жетінші мемлекетке есігін айқара ашты.

Қосымша айта кетсек, ӘХЖО мүшелері күн санап артып келеді. Мәселен, Қытай халық республикасында бұған дейін ҚХР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты жазушы Әкпар Мажит мүше болып қабылданса, бүгінде Қытай мемлекетінен ақын, жазушы Асан Абеуұлы мен Дәлелхан Смайылұлы мүшелікке қабылданып отыр.

Қатысты Мақалалар