Қытай Гонконг туралы даулы заңды қабылдады

/image/2020/06/30/crop-10_13_340x637_hooooongking.jpg

Қытай парламенті Гонконг үшін ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылдады. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританияның бұрынғы колониясы болған Гонконг Бейжіңнің басқаруына өткеннен 23 жылдан кейін қалаға түбегейлі өзгерістер енгізілді. BBC ақпаратынша, заң жобасы Гонконгте жиі өткізілетін демократиялық наразылықтарға жауап ретінде қабылданған. Ал қытайлық мемлекеттік БАҚ-тардың мәліметінше, заң терроризм, сепаратизм және шетелдік күштермен келісімді болдырмауға бағытталған.

Шетелдік сарапшылар заңнама жаһандық қаржы хабының құқықтары мен бостандықтарына, сот тәуелсіздігіне, қаланың ерекше мәртебесіне нұқсан келтіреді деп алаңдайды.

Гонконг 1997 жылы Ұлыбританияның бақылауынан Бейжіңнің басқаруына өткен, бірақ арнайы келісім бойынша Гонконгтың басқару жүйесіне 50 жылға кепілдік берілген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар