Түрмеде жатқан Атамбаев пневманияға шалдығып, ауруханаға ауыстырылды

/image/2020/06/30/crop-8_5_386x686_49936233_303.jpg

Қырғыз Республикасының түрмеде жатқан бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев пневмонияға шалдығып, аурухана жеткізілді. Бұл туралы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған Азаттық Радиосының қырғыз қызметі хабарлады. 

Басылымның жазуынша, 29 маусымда Атамбаев денсаулығының нашарлағанын айтып шағымданнан кейін одан COVID-19 вирусына ПТР-сынама алынған. Бірақ тест бұрынғы президентте коронавирус жоқ екенін көрсеткен. 

Сол күні дәрігерлер медициналық онлайн кеңес өткізіп, содан кейін Атамбаевқа "екіжақты пневмония" диагнозы қойылды. Осыған байланысты Атамбаев стационарлық ем қабылдау үшін ауруханаға ауыстырылған.

Комитет дерегінше, өткен аптада Атамбаев адвокаттармен және туыстарымен бірнеше рет кездесіп, құжаттар мен заттарды қолымен тапсырған.

Алмазбек Атамбаев 23 маусымда Бішкек қаласы Первомай аудандық сотының шешіміне сай, 11 жыл 2 айға сотталған. Оған "қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босатты" деген айып тағылған. 

Атамбаев 2019 жылдың 8 тамызынан бері қамауда отыр. 

 

 



Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар