Шу ауданында екі вагон рельстен шығып, біреуі өртенді (видео)

/image/2020/06/30/crop-0_118_718x1276_2006300714589471f.jpg

30 маусым түнгі 01:44 кезінде Жамбыл облысы Шу ауданының Шоқпар стансасында вагон өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Комитет тартқан хабарламаға қарағанда, Шоқпар стансасында екі вагон рельстен шығып кеткен. Оның бірі – 60 тонна бензин құйылған цистерна болса, екіншісі – "Алматы-Ақтоғай" жүк пойызының контейнерлі платформасы. Жанармай құйылған цистерна бір бүйіріне аударылып, салдарынан мұнай өнімі ағып, өрт тұтанған.

Комитет дергіне сай, өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Темір жолдың 75 метр төсемі бүлінген. Шу, Алайғыр, Еспе стансаларында 10 жолаушы пойызы жолдан қалған.

Комитет таратқан хабарламада вагондардың рельстен не себепті шығып қалғаны айтылмаған.

2018 жылы да Жамбыл облысы Шу ауданында жолаушылар пойызының 20 вагоны рельстен шығып кетіп, екеуі жанына аударылған. Төтенше оқиға салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, 23 жолаушы жараланған еді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар