"Солтүстік Корея мен Иран одақтас болатынын жариялап, дүниежүзілік соғыстың ескерту дабылы соғылды" деп хабарлады британиялық Daily Express газеті.
Солтүстік Корея мен Иран АҚШ-қа қарсы одақ құру сенімін растағаннан кейін жаһандық соғыстың қаупі төңірегінде тағы бір рет қорқыныш пайда болды.
Солтүстік Кореяның "NK News" мемлекеттік газетінің хабарлауынша, Пхеньянның Ирандағы жаңа елшісі Хан Сонг У Иран президенті Хасан Руханимен кездесіп, олар екі ел арасындағы тығыз қатынастарды құруға үміттенетіндерін жеткізген.
Кездесудің ресми баяндамасында әдеттегідей анти-америкалық риторика мен «қатыгез АҚШ» туралы айыптаулар айтылған.
"NK News" телеарнасының хабарлауынша, президент Роухани: «АҚШ шенеуніктері Иран мен Корея Халықтық Демократиялық Республикасы сияқты үкіметтер мен халықтарға әрдайым қысым көрсетіп келеді» деген.
Газет сонымен бірге Роухани мен Ким Чен Ын АҚШ-тың «қақпайлауы пен қорлауына» қарсы бұрынғыдан да мықты болуы керектігін мәлімдеген.
Пікір қалдыру