"Ем іздеп келіп, ажал құшты". Алматылық ардагер аурухана алдында қайтыс болды

/image/2020/07/01/crop-15_10_697x1239_whatsapp-image-2020-07-01-at-21.36.43.jpeg

Алматы қаласындағы Ұлы отан соғысы ардагерлері ауруханасы ғимаратының алдында орталыққа асқазанын емдетуге келген Адамбек Байыров есімді зейнет жасындағы азамат қайтыс болды.

Марқұм жақындары ауған соғысының ардагері жасалған екпеден кейін көз жұмғанын айтуда.

Сөздерінше, зейнеткер арқасынан тартып тұрғанына шағымданғаны болмаса, ауруханаға өз аяғымен келген. Кірерде науқастың дене температурасы қалыпты болған. Екі күн бұрын ғана COVID-19-ға тапсырған тест нәтижесі теріс шығыпты.

Аурухана қызметкерлері науқасқа поликлиникада орын жоқ екенін айтып, ауруды басу үшін но-шпа дәрісін еккен. Ауруханадан шыққан соң ардагердің жағдайы күрт нашарлап, дем жетпей бастапты.

Жақындары "осы сәтте шақырған жедел жәрдем ұзақ уақыт бойы келмеді, дәрігерлер көмектесуге асықпады" деп отыр.

Марқұмның баласы әкесі "осыдан екі күн бұрын ғана тексерілген, ол кезде денсаулығында кінәрат болмаған" деген пікірде.

Ардагердің тағы бір ұлы әкесінің өліміне "дәрігерлер кінәлі" деп санайды.

Аурухана қызметкерлерімен сөйлесу мүмкін болмады. Есікті іштен іліп алған, ешкімді кіргізбейді, ешкім түсінік білдірмейді.

Ал марқұмның денесін тексеру үшін мәйітханаға алып кетті.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар