ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын айтты.
– Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 АЕК-ке (1 АЕК – 2778 теңге / 30 АЕК – 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады, – деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.
Пікір қалдыру