ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміз қалалары арасында блокбекеттер болмайтынын айтты.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында елордаға кіруге немесе қаладан шығуға шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.
"Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Екіншіден, қалалар мен өңірлер арасында блокбекеттер орнатылмайды", - деді Е. Тоғжанов. Сонымен қатар ол өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайтынын еске салды.
Пікір қалдыру