Қазақстанда блокбекеттер қайтадан қойыла ма?

/image/2020/07/02/crop-331_36_2113x2818_01img_2827.jpg

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде қалалар арасында блокбекеттер болмайтынын айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

– Жүріп-тұруға ешқандай анықтамалар керек емес. Қалалар мен өңірлер арасында блокбекеттер орнатылмайды. Тек өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайды, – деді Е. Тоғжанов.

Еске сала кетейік Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар