"Біздің ел тығылып той-тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санамайды"

/image/2020/07/02/crop-134_6_645x860_1489474427.jpg

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елде карантин шараларын ескермей, әлі күнге дейін той жасайтындарды сынады.

– Әлем бойынша бұл індетті 10 млн адам жұқтырып, 500 мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің ел тығылып той-тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес. Мәселен, амбарларға тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулада той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты тағы басқалары толып жатыр. Оған өздеріңіз де куәсіздер. Осындай әр шараның соңында кемінде жиырмадан астам адамның ауруханаға түсіп, көз жұмып жатқаны мәлім, – деді Е. Тоғжанов.

Ол өз сөзінде елдегі күрделі ахуалдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін атап айтты. 

Айта кетейік, Мемлекеттік комиссия 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов елде қалалар арасында блокбекеттер болмайтынын орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар