Мемлекеттік білім гранттарын бөлудегі «шикіліктер» туралы «Қамшы» порталы осыған дейін де жазған болатын. Жақында Батыс Қазақстан облысында білім грантына ілікпей қалған қыз өзіне-өзі қол жұмсаған. Бұл туралы «Қамшы» порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оралдық "Мой город" сайтының хабарлауынша, қаза болған қыздың анасы аталмыш сайтқа сұхбат берген.
Қаза болған қыздың шешесі Бақыттың айтуынша, оның жалғыз қызы Әйгерім оқиға алдында грантқа түскендердің тізімін қараған. Өзінің аты-жөнін тізімнен таппаған .
"Ол нәтижелерді бірінші компьютер арқылы қараған, одан шықпаған соң кейін ұялы телефоннан қарады. Сосын, сенбей поштаға барып, "Егемен Қазақстан" газетін сатып алды. Кейін маған "Мен тізімде жоқ екенмін" деді. Мен оған "Жарайды, ештеңе етпейді, біз сені Алматыдағы ҚызПИ-ге жібереміз дедім. Мен оны ешқайда тастамайтынымды, себебі жалғызым екенін айттым. Ол жуынуға баратынын айтты. Ол тіпті жылаған да жоқ ", - дейді Бақыт.
Бұдан кейін шешесінің айтуынша, Айгерім жуынып, өз киімін жуып, жайып қояды. Ол өз қызының аулада жүргенін көреді. Бірнеше минуттан кейін Айгерімге көршісі келіп, шешесі оның аулада жүргенін айтқан. "Қораның маңынан өтіп бара жатып, ол Айгерімнің тұрып тұрған сәтін көрген. Бір қарасақ, ол ілініп тұр екен", - деді анасы. Шешесі мен көршісі Айгерімді шешіп алып жатқан сәтінде ол тірі болыпты. Оқиға орнына келген дәрігерлер шешесіне қызының тіпті тірі екенін айтқан. Алайда Айгерім ауруханаға бара жатқан кезде қайтыс болыпты. Басылым мәліметінше, талапкердің шешесі оны грантқа түсе алмағандықтан осындай іске барған деп есептейді. Айгерім Подстепной қазақ орта мектебін бітіріп, ҰБТ-дан төрт пән бойынша 93 балл жинаған, ал орыс тілін санамағанда 73 балл.
Осы оқиғаға қатысты марқұм оқыған мектептің директоры түсінік берді - Берік Нығметовтың айтуынша, оның таңдау пәні ағылшын тілі болған. "Біз бұл оқиға жайлы кеше білдік. Бүгін таңда оның үйіне бардық. Не айта аламын, ата-анасы қайғылы оқиғаға қатты қиналып жатыр. Айгерім үздік оқыған жоқ, бірақ үлгерімі жақсы еді. Біз оған ағылшын тілін таңдап, грантқа ие болудың қиын екенін айттық, себебі ағылшын тілін таңдайтындар көп", - деді мектеп директоры. Айта кетейік, бұл мектептің 15 түлегінің сегізі ғана білім беру грантына ие болыпты.
Нұрзат Тоғжан
Пікір қалдыру