Астананың Алматы аудандық 2-соты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновті қамау мерзімін 8 қыркүйекке дейін ұзартты. Үсенов "бөтеннің өзіне сеніп тапсырылған үлкен көлемдегі қаржыны жымқырған" деген күдікке ілінген. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Азаттыққа» сілтеме жасайды.
Кеше Астананың Алматы аудандық соты "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтың қамауда отыру мерзімін 17 қыркүйекке дейін ұзартқан. Мұның алдында "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы директоры Амангелді Ермегияевті қамауға алу мерзімі 12 қыркүйекке дейін ұзартылған.
Баркинхоев пен Ермегияев өзіне сеніп тапсырылған қаржыны заңсыз иеленді деген күдікке ілінген. "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының топ-менеджерлері маусым айында ұсталған.
Пікір қалдыру