Жақында «Алтын жүрек-2015″ қайырымдылық сыйлығының салтанатты тапсыру рәсімі өтеді. Кеш аясында бұрын-соңды болмаған ерекше қайырымдылық аукционын өткізу де жоспарланған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Today.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Осымен 9- рет өткізіліп отырған «Алтын жүрек» қайырымдылық сыйлығының тарихында ерекше лоттар пайдаланыбмақ. Аукционға қойылған лоттардың жалпы саны -9. Негізгілерінің қатарында «Қазақстан аруы-2014″ байқауының жеңімпазы Регина Вандышевамен кешкі ас ішу болып табылады. Аталмыш шараға Регина ханымның өзі де келісім беріпті. Сондай-ақ, аукцион жеңімпазымен кешкі шәй ішуге келісім берген танымал қазақстандық саясаткерлер де жоқ емес. Қайырымдылық сыйлығын ұйымдастырушылар келіссөздер жасауды әлі де жүргізуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кештің ең маңызды қонағы және Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов. Ұйымдастырушылар Мәсімов мырзамен шәй ішу үшін арнайы аукцион ұйымдастырмақ. Премьер-министр мырзамен кешкі шәй ішуге арналған лоттар басқаларына қарағанда қымбатырақ болмақ. Бастапқы баға үш жүз мың теңгеден басталады-мыс. Бұл туралы «Бауыржан» қайырымдылық қорының баспасөз-хатшысы Айнұр Сәлімбаева мәлімдеген.
Сәлімбаеваның айтуынша, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров аукционға өзінің қолтаңбасы бар жеңіл жейдесін берген екен. Сонымен қатар, аукционға «Милан» футбол клубы ойыншыларың қолтаңбалары бар доп та қойылады.
Ұйымдастырушылар жиналған қаржыға балаларға арналған ойын алаңдарын салмақ. Ол бірінші болып, Қызылорда қаласында салынатын болып бекітілген.
Нұрзат Тоғжан
Пікір қалдыру