Н. Назарбаев: Сіздердің үлкен ағаларыңыз ретінде мен әрқашан көмек беретін боламын

/uploads/thumbnail/20170708192455956_small.jpg

Кеше Шолпан-Атадағы «Рух Ордо» сарайында өткен Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттерінің арасындағы кедендік-шекараны ашу салтанатында қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев мырза ел экономикасы туралы сөз ете отырып, Қазақстанға деген ықыласын білдірген. Бұл туралы қырғызстандық «Вечерный Бишкек» басылымы жазған, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Мемлекеттік шекараны ашу салтанатында Алмазбек Атамбаев мырза өзінің қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Әбішұлы туралы ақжарма тілегін былайша білдірген екен.

«Қырғызстанда Нұрсұлтан Назарбаевтай Президент болған емес, сондықтан да біз даму жағынан артта қалып келеміз. Қазақстандағы ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы мөлшері біздегіден 15-20 есе жоғары. Жыл қорытындысы бойынша, Қазақстан ЖІӨ –мөлшері жөнінен ТМД елдері арасында бірінші орынға шығады», -дейді Атамбаев мырза.

Сондай-ақ, ол халықаралық жиындарда Қазақстан Президентінің жанында тұратынын мақтан көретіндігін де жасырмаған.

«Ол тек Орта Азияда ғана емес бүкіл әлемдегі озық мемлекеттің көшбасшысы. Екі ел арасындағы шекараны ашу – бұл тарихи оқиға. Менің енді бір ғана арманым бар – ол келешекте екі ел арасында ешқандай көлденең кедергілер болмаса екен. Себебі, біз бауырлас мемлекеттерміз»,-деген Алмазбек Атамбаев мырза салтанатты жиында.

Сонымен қатар, Атамбаев мырза қырғыздар мен қазақтар бүкіл түркі жұртында бір-біріне ең жақын бауырлар. Бір қуаныштысы осындай бауырларымыз барда Қырғызстанның ісі өрге домалайтын болады. Құдай соған жеткізсін. Біз жарқын болашаққа бағыт алдық.  Ендігі жерде екі ел арасында ешқандай кедергілер болмаса екен,-дей келе тіпті, Ыстық көлдің ауа –райы бірнеше күннен бері құбылып тұрған еді. Сіздің келуіңізбен Ыстық көлдің өзі жарқырап, ысып сала берді ғой,-деді қырғыз Президенті.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның 1,5 млрд доллар инвестиция салғандығын айта келіп, екі ел арасында шекараны ашқанымыздың жетістігін көрейік,-деді. «Сіздердің үлкен ағаларыңыз ретінде мен әрқашан сіздерге көмек беретін боламын»,-деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар