Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатқандар жауапқа тартылады деп айтты. Бұл туралы ол Twittеr парақшасында жазды.
– Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады, – деді Мемлекет басшысы.
Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 5, 2020
Пікір қалдыру