Лондон олимпиадасының чемпионы, Бейжің олимпиадасының күміс, Рио олимпиадасының қола жүлдегері, үш аттап секіру спортының шебері Ольга Рыпакова өзінің instagram парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен алғаш қалай кездескені туралы айтып берді.
Оның сөзінше, алғашқы кездесуде қатты толқыған. Алайда онысы бекер болып шыққан.
– Нұрсұлтан Назарбаев мейірімді, байсалды екен. Оның сенімділігі бізге анық байқалды. Әр спортшыға ерекше жылы сөздер айтып, қолдау көрсетті. Лондон олимпиадасындағы жеңістен кейін Нұрсұлтан Назарбаев мені жеке құттықтағаны есімді. Бұл естен кетпес сәт еді. Осы сәтте мен Қазақстан Республикасының өкілі екенімді ерекше мақтан тұттым. Біздің отбасылық жанұямыз Елбасының қазақстандық спортшылардың ойынын әрдайым көретінін, тіпті түнде трансляцияланып жатқанына қарамастан тамашалайтынын білеміз. Өйткені ол үшін еліміздің көк туының жеңіс тұғырында желбірегенін көру өте маңызды.
Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа спортшылардың барлық тілегін орындайтыны үшін, Қазақстан жаңа чемпиондардың шеберханасына айналуы үшін бәрін жасап жатқанына шын пейіліммен ризамын. Елбасымыздың қолдауын елді жақсартуға тырысып жүрген өзге де салалардың өкілдері де сезініп жүргенін білемін, – деп жазды чемпион.
Пікір қалдыру