Вашингтон мен Бейжің арасындағы қайшылық ушыға түсті. Екі елдің әскери кемелері бетпе-бет келді. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ пен Қытайдың қақтығысқа қаншалықты жақын екенін көрсететін қорқынышты көрініс жарияланды. Американың әскери-теңіз күштері даулы Оңтүстік Қытай теңізінде Қытай кемелері мен АҚШ соғыс кемелерінің бірнеше жүз метр қашықтыққа жақын келген суретін жариялады.
АҚШ әскери-теңіз күштері суретті өздерінің ресми веб-сайты арқылы бөліскен.
Бейжің энергияға бай Оңтүстік Қытай теңізінің 90 пайызын талап етеді, бірақ Бруней, Малайзия, Филиппин, Тайвань және Вьетнам да оның бөліктеріне иелік ететінін айтады. АҚШ Қорғаныс министрлігі Паракел аралдарына жақын жердегі даулы суларда әскери жаттығулар өткізіп жатқан Қытай әскери күштері туралы алаңдаушылық білдірді. Оған себеп, Паракел аралдары Вьетнаммен де, Қытаймен де талап етілетін даулы аймақ.
Пікір қалдыру