Ұлыбританияда шектеу шаралары алынған соң әлеуметтік ретсіздік пайда болды

/image/2020/07/06/060331673300.jpg

Лондонда шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін адамдар барлар мен мейрамханаларға жиналған. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төрт айлық шектеу алынған бірінші күні тұрғындар бетперде кимей, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, көп адам жиналып, бірін-бірі құттықтап, бас қосулар ұйымдастырған. Бұл жағдайға байланысты Ұлыбритания үкіметі барлардың қайта ашылуын сынға алды. 

Айта кетейік, екі күн бұрын Ұлыбритания барлар, мейрамханалар, шаштараздар және кинотеатрлардың қайта ашылуына рұқсат берген болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар