Грузия Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

/image/2020/07/06/crop-10_251_529x940_29f979f90997b652968e1fcf259c2b74_original.204320.jpg

Бүгін, 6 шілдеде Грузия астанасы Тбилисиден Алматыға өкпені жасанды желдету аппараттары жіберілді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, өкпені жасанды желдететін 10 аппаратты гуманитарлық көмек ретінде "Грузияның индустриялық тобы" директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвили жіберген.

"Бұл аппараттар Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелерге таратылады. Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, "Грузия индустриялық тобының" басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді" делінген СІМ-нің хабарламасында. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар