Ұлыбритания: Коронавирус саясатында Қазақстаннан үлгі алайық

/image/2020/07/06/crop-9_4_329x571_kkkkkkkkk.jpeg

Ұлыбританиялық The Telegraph газеті Қазақстанды "әлем бойынша қайта карантин жариялаған бірінші ел" деп атап, Біріккен Корольдіктің Қазақстаннан үлгі алып, коронавирус өршіп кетсе, қайта карантин жариялағаны дұрыс екенін жазды. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды. 

Ұлыбританияда сенбі күні шектеу шаралары алынғаннан кейін, қалаларда адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтамай, барлар мен мейрамханаларға жиналып, әлеуметтік ретсіздік пайда болған соң, Ұлыбритания үкіметі алаңдаушылығын білдірген болатын

Соған байланысты The Telegraph газеті "коронавирус толқынының төтенше жағдайында Қазақстан әлем бойынша карантинді бірінші жариялады" деп мәлімдеп, Англияда коронавирус өршіп кетсе, Қазақстанның істегенін қайталауды хабарлады. 

"Қазақстан бүкілхалықтық оқшаулауды қайта енгізгеннен кейін, Борис Джонсонға коронавирустың екінші толқыны туралы жан-жақты ескерту берілді" деп жазды Лондонда шығатын газет. 

"Мамыр айында коронавирустық шектеулерді азайтқан соң, инфекциялардың көбеюіне байланысты Орталық Азиядағы ел әлемде алғашқылардың бірі болып локдаун шараларын ресми түрде енгізді. Елде 47171 вирус жұқтырушы бар, ал соңғы 24 сағат ішінде 1000-нан астам жаңа жағдай тіркелген... Төтенше жағдай Қазақстанда ресми түрде 11 мамырда аяқталған, ол кезде Ковид-19 жұқтырғандар саны 5 126, ал, көз жұмғандар 31 адам болған" деп жазды британиялық газет. 

Басылым Ұлыбританияда барлар мен мейрамханалардың сенбі күні ашылғанын, азаматтардың әлеуметтік қашықтықты сақтамай, топтасып тойлатып жүргенін жазды. Премьер-министр Борис Джонсонның коронавирус шектеуінен шығу стратегиясының соңғы кезеңін аяқтау жоспары туралы да айта кеткен газет "инфекция күшейіп кетсе денсаулық сақтау қызметкерлері оқшаулау шараларын қайта қолдануы мүмкін" деп ескертті.

Ал, Англияның бас дәрігері, профессор Крис Уитти келесі қадамдар қауіпсіз емес екенін ескерткен. Ол тағы "Бұл жерде басты мақсат адамдарды біріктіру. Бұл (шекету шараларын алу) әлеуметтік жағынан жасалған керемет нәрсе, бірақ сонымен бірге вирус тұрғысынан да керемет нәрсе... Сондықтан біз барларда көңіл көтеріп жатқанда, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін нақты тәртіпке ие болуымыз керек" деген.

Айта кетейік, бұған дейін Нью-Йорк Таймс статистикасы Қазақстанды коронавирустың көбеюі бойынша әлемнің алдына шыққанын жариялаған. Ковид-19 таралуы өршіп кеткен соң Қазақстанда 5 шілдеден бастап карантин жарияланған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар