Алматыда жолаушылар ағымының аз болуына байланысты қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы көлік холдингі өзінің телеграм-каналында хабарлады.
"Алматы бүгін, яғни 6 шілдеде Алматы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысы тоқтатылды. Барлық жылжымалы құрам дезинфекциялауға жіберілді. Көліктер өз жұмысын 7 шілде күні 6:00-ден бастап қайта жалғастырады" делінген холдинг таратқан хабарламада.
5 шілдеден бастап Қазақстанда 2 аптаға қатаң карантин күшіне енген.
Пікір қалдыру