Алматыда Елорда күніне орай 6 тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер пайдалануға берілді

/image/2020/07/06/crop-105_8_419x559_85d1de6c-e8b0-440d-9a4a-feeafa8dfc8f.jpg

Алматыда Астана күні мерекесі қарсаңында «Алатау сити», «Акварель», «Central Avenue» , «Медеу парк», «Теренкур Терраса», «Гүлдер» 6 тұрғын үй кешеніндегі кезекті үйлер пайдалануға берілуде.

Бұл нысандар Алатау, Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарын қоса алғанда, Алматының әртүрлі аудандарында орналасқан және 1,5 мыңнан астам пәтерге есептелген. Жаңа тұрғын үй кешендері Алматыны «шетсіз қалаға» айналдыруға мүмкіндік береді, ол жерде қаланың барлық тұрғындарында қай ауданда тұратындығына қарамастан, күнделікті қажетті әлеуметтік қызмет түрлерінің жиынтығы болады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәселені өзгерту үшін, қала шетінде тұратын азаматтардың да қала орталығындағы тұрғындар сияқты қызмет түрлеріне қолдары жетімді болуы үшін олардың өмір сүру сапасын арттыруда жағдай жасау керектігін бір емес,бірнеше рет атап өткен болатын.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қалада баспанаға қол жетімділікті арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың 10 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін 3 мыңнан астам мұқтаж адам баспанамен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 284 көп балалы отбасы (қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша), 258 көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша) және 1050 азамат 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етілді.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтағым келеді. Сонымен қатар, осы бағдарламаны бастаған Елбасыға алғысымды білдіремін. Бұл бағдарлама мен сияқты жастар үшін керемет мүмкіндік. Бағдарлама бойынша ұсынылған баспана өте жайлы, барлық жағдай жоғары деңгейде жасалған», — деп «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша пәтер алған қаланың жас тұрғыны — Ақмарал Мақтабаева өз ойымен бөлісті.

Жақында «Алматы жастары 3.0» бағдарламасының екінші кезеңі басталғанын айта кету керек. Тұрғын үй бағдарламасының бірегейлігі төмен пайыздық мөлшерлемеде — 13 млн тг дейінгі несие жылдық 5% жеңілдікпен беріледі. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен аталған бағдарламаға қатысу шарттары жеңілдетілді. Сонымен бірге, қалада тіркеуге тұру талабы алынып тасталды. Енді осы себеппен қабылданбаған өтініштер қаралады, Алматыда екі жылдық тіркеуі жоқ жастар да өтініштерін бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы мегаполистің тартымдылығына байланысты елдегі ең үлкен тұрғын үй қорына ие. Онда 8,4 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта 26 мыңнан астам қала тұрғыны баспана сатып алу кезегінде тұр. Олардың көп бөлігін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын азаматтар құрайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар