Баспасөз конференциясының барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда стационарлы ауруханаларда құралдардың қажетті резерві бар екенін хабарлады.
Бүгінгі таңда Алматыдағы барлық медициналық ұйымдарда шамамен өкпені жасанды желдететін 600 аппарат бар.
– ӨЖЖ аппараттарына қол жетімділік мәселесі бойынша бүгінгі таңда 25 аппарат жұмыс істеуде, қосымша 30 аппарат бар. Жақын арада тағы 70 ӨЖЖ аппараты жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша қажетті резерв қалыптастырылды, – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Пікір қалдыру