Қазақстанда коронавируспен қанша дәрігер күресіп жатыр?

/image/2020/07/07/crop-11_14_558x991_66-1024x653.jpg

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиниятқызы елде коронавирусқа қарсы күреске 46 мыңнан астам дәрігер жұмылдырылғанын мәлім етті.

– Бүгінде Қазақстанда 46 мыңнан астам дәрігер коронавируспен күресіп жатыр. Сондай-ақ интерн-дәрігерлер, медицина мамандықтарының жоғары курс студенттері жұмылдырылған. Олар инфекциялық стационарлардағы мамандарға, сондай-ақ поликлиникаларда учаскелік дәрігерлерге көмектесіп жатыр. Халықаралық ұйымдарға маман сұрап ресми түрде жүгінбедік. Бірақ күні кеше ғана Ресейден әріптестестеріміз келді. Біз достық ниетті, шетелдік әріптестердің тәжірибесін қабылдауға әзірміз, – деді Ажар Гиниятқызы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар