Ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігі қалай түзелді?

/image/2020/07/08/crop-667_478_2105x3741__g9c0898.jpg
1996 жылдан бастап ауыл тіршілігі жанданып, гүлдене түсті. Жеке бизнес ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерге Тұңғыш Президент бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетті.
 
Осылайша, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кең ауқымды реформаларының аясында ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігі түзелді. Шығыс Қазақстан облысындағы «Майлы дәнді дақылдар тәжірибе шаруашылығы» ЖШС директоры Фарид Абитаев осылай дейді.
 
- Елбасының арқасында жер қатынастарын қалпына келтіретін кодекс қабылданды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге ауылдағы жеке бизнесті дамытуға мүмкіндік берді, - деді Фарид Абитаев.
 
Бүгінде аталмыш кәсіпорын басшысы Елбасының бастамасымен ел игілігі үшін іске асырылған әрбір реформаны мақтанышпен еске алады.
 
- Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік сыйлады. Тұңғыш Президентіміз шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кәсіп иелеріне жеңілдетілген пайызбен несиелер берді. Ұлттық қордан ауыл шаруашылығы саласына қажетті техникаларды сатып алу мақсатында арнайы лизинг бөлді. Түптеп келгенде, мұның бәрі Елбасының шалғайдағы ауылдарға деген қамқорлығы деп түсінемін, - деді Фарид Абитаев.
 
Айта кетейік, Ұлттық қор Елбасының бастамасымен құрылған болатын.
 
Фарид Абитаевтың айтуынша, «Агробизнес-2020» бағдарламасы диқаншыларға жаңа мүмкіндік берді.
 
- Елбасының барлық бастамасы мен бағдарламасы ауыл шаруашылығы саласын дамытып, өнім көлемі мен инвестицияны арттыруға  бағытталды, - деп түйіндеді Фарид Абитаев.
 
Ал, "Семена масличных" шаруа қожалығының басшысы Л.П.Цыбенко Елбасымен кездесуін ерекше толқыныспен еске алады. Ол 2017 жылдың 14  шілдесін әлі күнге дейін бір сәт те болсын, естен шығарған емес. Себебі дәл осы күні жеке кәсіпкер ұлы Фёдормен бірге Елбасымен кездесуге барған екен.
 
- 2017 жылдың 14 шілдесінде Елбасы ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен басқосу өткізді. Бұл күн біз үшін ерекше болды. Кездесу барысында Нұрсұлтан Әбішұлымен тілдесу бақыты бұйырды. Елбасы сондай ақжарқын, ашық, қарапайым адам екеніне көзім жетті. Басқосуда Тұңғыш Президент ауыл шаруашылығы саласын дамытуды жаңа дейгейге көтеруді тапсырды, - деді Л.Цыбенко.
 
Өз сөзінде жеке кәсіпкер Елбасының коронавирустық инфекциядан жазылып шыққанына шын жүректен қуанышты екенін жеткізді.
 
- Мемлекет басшысы  Қазақстанның Тұңғыш Президенті саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған елінің адал перзенті әрі жаһандық деңгейдегі саясаткер екенін атап өтті. Мен Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сөзімен толық келісемін, - деді Л.Цыбенко.
 
ШҚО ақпарат орталығы
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар