Солтүстік Қазақстанда дәрі-дәрмектің қымбатқа сатылып жатқаны анықталды

/image/2020/07/09/crop-12_7_505x898_1593492224034.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағамен сату фактісі анықталды. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері полициямен бірлесіп, дәрі-дәрмектердің қымбат бағада және олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатылғандығын анықтаған.

Комитет хабарламасында вирусқа қарсы қолданылатын 5640 теңге тұратын Ингавирин дәрісі 6500 теңгеден, ал 1217 теңге тұратын Азитромицин антибиотигінің бір қаптамасы 2500 теңгеден сатылғаны айтылған.

Қазір осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Қазақстанда коронавирус пен пневмония өршіген тұста дәріханадан керекті дәрі-дәрмегін таппай жүргендер көбейді. Қазір елдің ірі қалаларындағы дәріханаларда дәрі тапшы. 7 шілдеде елдің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жақын күндері барлық дәріханаларға дәрі жеткізілетінін мәлімдеген. Бірақ елде дәрі тапшылығы әлі жойылмай тұр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар