Қазақстанда карантин қай кезге дейін созылады?

/image/2020/07/09/crop-2_2_436x581_2020_06_22_crop-183_9_738x983_da2b6b816915529b378b1dc077bc494f_crop_l_22_t_29_w_

Қазақстанда коронавирусқа байланысты жарияланған карантин мерзімінің ұзартылу-ұзартылмауы келесі аптада белгілі болады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте елдің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

Оның айтуынша, елде 5 шілдеден бастап жарияланған екі апталық карантин нәтижесі келесі аптада белгілі болады. Билік шектеу шараларының мерзімін ұзарту не ұзаратпау туралы сол кезде шешім қабылдайды.  

– Карантинді ұзартуға қатысты айтар болсам, бастапқыда ұсыныс енгізгенде азаматтардың тілектері ескерілді. Режимнің бизнес қоғамдастықтарға да барынша бейімді болуы көзделді. Дегенмен вирусқа шалдығудың күрт өршіп кетуін еңсеруге септігін тигізетін шектеу шаралары да қарастырылды. Қазір біз қандай да бір аралық нәтижелерді қарап отырмыз. Дегенмен шынайы тиімділігін екінші аптаға қарай не болмаса бағалау жүргізгеннен соң бірден көретін боламыз. Карантин аяқталғаннан кейін оның ұзартылатыны немесе шаралардың қатаңдатылатыны түсінікті болады, – деді министр.

Қазақстанда 5 шілдеден бастап екі апталық карантин режимі енгізілген. Билік шектеу шараларын күшейткеніне қарамастан елде коронавирус әлі өршіп тұр. Соңғы тәулікте 2000-ға жуық адамның осы індетті жұқтырғаны анықталған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар