Жобаның жалпы құны – 12 млрд теңге. Инвестор өз қаражаты тарапынан 3 млрд теңге инвестиция салды, оның ішінде шетелдік инвестициялар бар.
Байыту процесі автоматтандырылып, өндіріс басқару орталығынан оператор көмегімен жүргізіледі.
Зауыттың қуаттылығы сағатына 300 тонна немесе жылына 1 800 000 тоннаны құрайды.
Болашақ зауыттың көмір концентратын өндіруге Қарағанды облысының көмірі пайдаланылады.
Жобаны іске асыру барысында 110 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Құрылысқа 500-ден астам адам тартылады.
Зауытта шойын және болаттан жасалған бұйымдардың 900 түрін, кокс және жартылай кокс өнімдерін өндіру көзделуде.
Пікір қалдыру