Қазақстанда бір күнде 1700-ден астам адамнан КВИ табылды. Жұқтырғандар саны 55 мыңға жуықтады

/image/2020/03/19/crop-11_5_272x484_crop-13_140_697x1239_135449909700.jpg

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 10 шілдедегі дерегі бойынша, өткен тәулікте елде 1726 адамнан коронавирус табылды. Олардың 936-сында аурудың клиникалық белгілері жоқ.

Бүгінгі ресми ақпарат бойынша да өңірлер арасында Атырау облысы көш басында тұр. Соңғы тәулікте бұл облыста 336 адамнан COVID-19 анықталған. Вирус жұқтырғандардың аймақтар бойынша статистикасы төмендегідей:

(жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 180 / 89
Алматы қаласы - 217 / 73
Шымкент қаласы - 49 / 22
Ақмола облысы - 34 / 27
Ақтөбе облысы - 49 / 27
Алматы облысы - 108 / 68
Атырау облысы - 336 / 229
Шығыс Қазақстан облысы - 121 / 52
Жамбыл облысы - 48 / 38
Батыс Қазақстан облысы - 99 / 39
Қарағанды облысы - 120 / 68
Қостанай облысы - 121 / 78
Қызылорда облысы - 63 / 30
Маңғыстау облысы - 52 / 51
Павлодар облысы - 52 / 15
Солтүстік Қазақстан облысы - 50 / 19
Түркістан облысы - 27 / 11

Соңғы ресми ақпаратқа сай, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – 54747. Осы уақытқа дейін олардың 31217-і ауруынан айығып, 264-і көз жұмды. 

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы үш тәулікте өлгендер туралы мәлімет таратқан жоқ.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар