Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонологы Зағрипа Әбдиева коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтты, деп хабарлады Аstanatv.kz.
– Ең бастысы дене қызуына назар аудару қажет. Егер температураңыз 3 күн қатарынан 38 градустан түспесе, онда бұл вирустың бастапқы белгілері деген сөз. Тұмау кезінде демікпе болмайды. Дене қызуы көтерілгенімен, мұрын бітелмейді. Ал коронавирус дертін жұқтырған науқастардың буын-буыны сырқырап, дәм сезбейді, – деді Зағрипа Әбдиева.
Оның айтуынша, мұндай симптомдар байқалған жағдайда дәрігер көмегіне жүгіну керек.
Соңғы деректерге сүйенсек Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 54 747. Оның ішінде жазылып шыққаны – 31 217, ал қайтыс болғандар – 264.
Пікір қалдыру