Алматы облысы әкімінің орынбасары пневмониядан қайтыс болды

/image/2020/07/10/crop-45_5_285x506_e10ce468ccafc9edef4748ce4b923bb8_l.jpg

Өкпе қабынуынан бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды, деп хабарлады 24.kz.

Ол бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылық саласына жетекшілік етіп, оның дамуына өз үлесін қосқан еді.

Бұған дейін Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбет пневмониядан көз жұмған.

Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ентігу мен жүрек қан тамырларының жеткіліксіздігі диагнозы бойынша Нұр-Сұлтандағы кардиология орталығында ем алып жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар