Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады деп Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
– Індетке қарсы күрес карантин шаралары қатаң сақталған кезде ғана нәтижелі болады. Мұны шетелдің тәжірибесінен көріп отырмыз. Ал біздің елімізде қоғамдық тәртіп едәуір ақсап тұр. Полиция және санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек. Бұл халықтың денсаулығы мен азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін аса қажет. Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады. Себебі олар тек өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығына қауіп төндіреді. Салғырттыққа, бейқамдыққа жол бермеу керек, – деді президент.
Айта кетейік үкімет отырысында Тоқаев пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінетінін атап өтті.
Пікір қалдыру